“166 адам іс-түссіз жоғалған”: Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады
Техастағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда. Жергілікті биліктің соңғы мәліметтері бойынша, қаза тапқандар саны кем дегенде 129 адамға жетті, 166-сы із-түзсіз жоғалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Керр округі ең қатты зардап шекті, 103 адам қайтыс болды, оның ішінде 36 бала. Толассыз жауған жаңбырдан кейін су тасқыны Гвадалупа өзенінің деңгейі 8 метрге көтерілген.
Метеорологтар 13 шілде күні кешке дейін толассыз жаңбыр жауып, су басу қаупі бар екенін ескертеді.