Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін 28 тұрғын үй кешенінің тізімі жарияланды
Алматы қаласының әкімдігі қаладағы сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Алматының бес ауданында орналасқан 28 тұрғын үй кешені бұл тізімге енген. Олардың бір бөлігінде құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары толық емес, ал кейбіреулері жобадан ауытқып салынып жатыр.
Сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендері:
Алатау ауданы
"Питтсбург" – Дархан шағынауданы, Сабатаев көшесі, 24
"Достар Deluxe" – Мәдениет шағынауданы, 185/8
Алмалы ауданы
3. "Auezov Apartaments" – Қарасай батыр көшесі, 183/19
4. "Tole bi Residence" – Аносов көшесі, 103Б
5. "Кабанбай батыр" – Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің аралығы
6. "M-Park" (2-кезең) – Ауэзов көшесі, 2/8
Бостандық ауданы
7. "Швейцария" – Нұрлытау ш/а, бірқатар учаскелер
8. "Rich" клуб үйі – Мирас ш/а, 24/1, 24/2
9. "7 Avenue" – Ремизовка ш/а, 7-ші өткел
10. Аты жоқ көппәтерлі үй – Ерменсай ш/а, Жәңгір хан көшесі, 46
11. "Evim novo" – Қарғалы ш/а, Кенесары хан көшесі, 85/3
12. "Barakat" – Нұр-Алатау ш/а, Тауасарұлы көшесі, 71/5, 71/6
13. "Montblanc" – Ерменсай ш/а
14. ПК "Горный Гигант" тұрғын үйлері – уч. 596/4
15. ПК "Жанару" бағбандар үйі – уч. 556
16. "Alatau park" – Нұр-Алатау ш/а, Баязитова көшесі, уч.13
17. "Баганашыл" – Мамыр с/т, бірқатар учаскелер
Медеу ауданы
18. "Sky Club House" клуб үйі – Фонвизин көшесі, 28
19. "Maison" клуб үйі – Шашкин көшесі, 42/1
20. "Pine Hill Residence" клуб үйі – 2-ші көше, уч. 33
21. "Alma Garden" клуб үйі – 6-шы көше, уч. 7, 9
22. Аты жоқ көппәтерлі үй – Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
23. "Compositor" клуб үйі – Жамақаев көшесі, уч. 108
Наурызбай ауданы
24. "Люксембург" – Қарғалы ш/а, Қали Надыров көшесі
25. "Flora" – Тастыбұлақ ш/а, Таутаған көшесі
26. "Lantana" – Үлкен Алматы ауылдық округі
27. "Французский дом" – Қарағайлы ш/а, Чапаево АКХ, уч. 426
28. Аты жоқ көппәтерлі үй – Кенесары хан көшесі, уч. 98
Бақылау не дейді?
Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәлімдеуінше, бұл тізімге жобасыз немесе рұқсатсыз салынып жатқан, сондай-ақ құрылыс әлі басталмаса да жарнамаланып жатқан нысандар да кіреді. Мұндай тұрғын үйлер негізінен интернеттегі жарнама мониторингі арқылы анықталады.
Кеңес:
Пәтер сатып алар алдында тұрғын үй кешенінің құжаттарының толық болуын тексеру ұсынылады. Ол үшін Алматы қаласы СҚББ-ның анықтама беру WhatsApp арнасына жазуға болады:
📱 +7 705 89 66 000
Тексерілмеген нысаннан баспана сатып алу — қауіп-қатерге жол ашуы мүмкін, сондықтан құжатты мұқият тексеріңіз, — делінген хабарламада.