Мәселен, 32В шағынауданындағы дүкендердің бірінде кәсіпкер тиісті лицензиясыз алкоголь сатқан. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл мен тауарды тәркілеу көзделді.
Тағы бір заңбұзушылық 16-шағынауданда тіркелді — ол жерде 500-ден астам алкоголь өнімі (арақ, шарап, сыра және т.б.) тәркіленді. Айта кетерлігі, дүкен иесі бұрын да осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған.
Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай өзгереді — 59 мыңнан 590 мың теңгеге дейін. Кейбір жағдайларда дүкен қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Қалада алкоголь саудасын бақылау жалғасуда. Билік органдары заңсыз сатылымның алдын алу мақсатында осындай тексерулерді тұрақты түрде өткізетінін мәлімдеді.