«Бауырына салу» фильмі Италиядағы фестивальде үздік атанды
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына Салу» фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Бұл туынды «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанып, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болған.
Фильм ресми түрде Қазақстаннан «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылып, үміткерлер тізіміне енген.
«Бауырына салу» — әжесінің бауырына салып берген, әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы фильм.