Атылған киік етін жеуге бола ма? Мүфтият жауап берді
Қазақстанда киік атылып жатыр. Батыс Қазақстанда киік етінен шұжық жасала бастағаны хабарланған.
Осы тұста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атылған киік етіне қатысты ұстанымын жариялады.
ҚМДБ өкілі Елбек Тасболатұлының сөзінше, жабайы аңды атқанда бірнеше шарт сақталуы қажет:
1. Аңшы аң аулау не оқ атар алдында «Бісміллә» сөзін айтуы керек. «Бісміллә» сөзін әдейі айтпаса, аң адал емес.
2. Аң аулаушы кісі мұсылман не әһли-кітап болу керек. Діннен шыққан, пұтқа, отқа табынатын не атеист адамның аулаған аңын жеуге болмайды.
3. Аң аулауға арналған қару өткір, жарақаттайтын болуы керек. Аң қарудан өлсе — адал, соққыдан өлсе — арам.