Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы бесінші рет базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Күтілгендей, мөлшерлеме өзгеріссіз – 16,5% деңгейінде сақталды.

Бұл болжамды қаржы нарығы қатысушылары арасында сауалнама жүргізген АФК (Қаржыгерлер қауымдастығы) аналитиктері алдын ала айтқан болатын.
Олардың айтуынша, алдағы айларда инфляция мен ЖІӨ бойынша болжамдар – оң, ал теңге бағамы мен мұнай бағасына қатысты – пессимистік.

Айта кетейік, маусым айының соңында сарапшы Бақытжан Базарбек Ұлттық банктің ақша-несие саясатына күмән келтірген еді. Ол наурызда базалық мөлшерлеменің 16,5%-ға дейін көтерілгенін, алайда инфляцияның күрт өскенін еске салды:
қаңтарда – 8,6% болса, маусымда – 11,8%-ға жеткен.

Бұған жауап ретінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияны тежеуге бағытталған жан-жақты шаралар әзірленіп жатқанын мәлімдеді.