Әлем

Киевте СБУ полковнигі оққа ұшып, қаза тапты

Бүгін таңертең Киевте Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) полковнигі Иван Воронич оққа ұшып, қаза тапты. Ол Ресей аумағындағы диверсиялық әрекеттерді ұйымдастыруға қатысқан. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады.

Арнаның мәліметінше, 50 жастағы арнайы қызмет офицеріне глушителі бар тапаншамен белгісіз адам оқ атқан. Оқиға шамамен таңғы сағат 9:00-де болған.

«СБУ қызметкері ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты», – деп жазады Mash.

Украиналық блогерлердің дерегіне сүйенсек, шабуылдаушы тапаншадан бес рет оқ атқан.

Иван Воронич СБУ-дың арнайы операциялар орталығына қарасты 16-басқарманың 1-бөлімінде аға жедел уәкілқызметін атқарған. Ол биыл 19 шілдеде 51 жасқа толуы тиіс еді.