Сұмдық! Алакөлде адамдар отырған катамаран сынып қалды
Абай облысы Мақаншы ауданы Алакөл көлінде жағалаудан 350 метр қашықтықта 6 адам отырған катамаран сынып қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Құтқарушылар жедел көмекке жетіп, катамаранды сүйреп, жасөспірімдерді жағаға жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Белгілі болғандай, катамаранның басқару тетігі істен шыққан.