Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Трамп Бразилиядан келетін тауарларға 50% баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп Бразилиядан импортталатын тауарларға 50 пайыздық тариф енгізілетінін жариялады. Бұл шешім, оның айтуынша, елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қарсы жүріп жатқан сот ісіне және екі ел арасындағы әділетсіз сауда қатынасына жауап ретінде қабылданған

Трамп Бразилиядан келетін тауарларға 50% баж салығын енгізді

Трамптың айтуынша, жаңа баж салығы — осыған дейін, сәуір айында енгізілген 10 пайыздық мөлшерлемемен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұған дейін ол қазіргі Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваға арнайы хат жолдап, ұқсас мазмұндағы үндеулерін 20-дан астам ел басшыларына, соның ішінде Қазақстан Президентіне де жазған. Алайда ең қатаң тариф дәл Бразилияға тиесілі болып отыр.

CNBC мәліметінше, бұл жолы Трамп импорттық салықты тек экономикалық себеппен ғана емес, Бразилияның ішкі саяси процестеріне наразылық ретінде де қолданып отыр. Оның ішінде, Болсонаруға қарсы қозғалған істі ашық сынға алған. Айта кетейік, Болсонару — Трамптың саяси одақтасы, және оған 2022 жылғы президент сайлауында жеңіліс тапқан соң мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылып отыр.

Бұл жағдайды Трамп «халықаралық масқара» деп атаған.

Сонымен қатар, ол Бразилияның сауда саясаты АҚШ-тың экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын алға тартты. Алайда АҚШ-тың Сауда өкілдігі басқармасының дерегінше, 2024 жылы Америка Бразилиямен тауар айналымында 7,4 миллиард доллар көлемінде профицитке (артық сауда табысы) шыққан.

Трамптың мәлімдемесінен кейін Бразилия валютасы — реал — АҚШ долларына шаққанда 2 пайыздан астам құнсызданды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату