Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жезқазғанда үш жасөспірім балалар алаңын өртеп жіберді

Оқиға салдарынан сырғанақ пен орындықтар жанып кеткен, тек металл құрылымдары ғана қалған. Бұл әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Желіде оқиғаға қатысты жұрттың ашу-ызасы күшейді.

Жезқазғанда үш жасөспірім балалар алаңын өртеп жіберді
Видеодан кадр

Полицияның мәліметінше, балалар – бір отбасының ұлдары. Ата-аналарына бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапкершілік жүктелді. Балалардың анасы көпшілік алдында кешірім сұрап, айыппұлды төлеп, балаларымен түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары жазаны күшейтуді талап етіп, бүлінген алаңды отбасына өз қаражатына қалпына келтіртуді сұрап отыр. Пікірлерде тек бұл оқиға ғана емес, елімізде балалар тәрбиесінің осалдығы жиілеп бара жатқаны да қызу талқылануда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату