BI Group балалар музыка мектебін елордаға сыйға тартады
BI Group компаниясының 30 жылдығына орай, акционерлер елордаға балаларға арналған музыкалық мектеп – BI ART өнер орталығын сыйға тартуды ұйғарды,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Біз Астанада көп жылдан бері жеке ірі музыкалық мектептердің салынбағанын анықтадық. Балалар көбінесе басқа мекемелер жанындағы шағын үйірмелерде ғана шұғылданады», – деп жазды Айдын Рахимбаев өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, орталықтың аумағы 5000 шаршы метр болады. «Біз бұл жобаға халықаралық деңгейдегі мықты мамандарды тартып жатырмыз. Аптасына бұл (музыкалық мектепке – ред.) 1000-нан астам адам келеді деп күтілуде», – дейді Айдын Рахимбаев.
Бизнесменнің айтуынша, BI ART Сығанақ көшесінің бойында, BI компаниясының бас кеңсесінің дәл жанында орналасатын болады.