Әлем

Түркияда президенттік сайлау 2028 жылы өтеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметтің күн тәртібінде кезектен тыс президент және парламент сайлауын өткізу мәселесі жоқ екенін, дауыс беру 2028 жылы Конституцияға сәйкес өтетінін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Осылайша ол оппозициялық Республикалық халық партиясының басшысы Озгур Озелдің мерзімінен бұрын дауыс беру туралы үндеуіне жауап берді.

«Озель мырзаға тағы да ескертемін: Конституция мен сайлау туралы заң өзгермегендіктен, президенттік және парламенттік сайлау 2028 жылы, ал жергілікті (муниципалдық) сайлау 2029 жылы өтеді. Озель мырза, сізде өзіңіздің көзқарасыңыз болуы мүмкін және күнтізбеден кез келген жексенбіні көрсетіп, сайлау дәл сол күні өтуі керек деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ билік пен халықтың күн тәртібінде ондай мәселе жоқ»,- деді президент.