Жаңалықтар

13 адамның өмірін жалмаған хостелдегі өртке қатысты  үкім шықты

Бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық соты 2023 жылдың қарашасында болған "Almaty Hostel" өртінен кейінгі қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам, оның ішінде 4 шетелдік азамат қаза тапқан болатын.

Хостел өртке дейін небәрі бір жарым ай бұрын ашылған.

Айыпталушылар – Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельник.

– Мұхамедияров өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу арқылы бірнеше адамның өліміне себепкер болды деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Пекельникке қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені үшін 4 жыл жаза тағайындалды.

Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Сот жәбірленушілердің моральдық шығынды өтеу туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2023 жылдың 30 қарашасында болған еді. Бұл жағдай елдегі хостелдердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қайта көтерді.