“Миы шайқалған“: Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады
8 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Салдарынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған.
Соңғы деректерге сәйкес, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әкім орынбасарының жағдайы тұрақты екенін және есін жиғанын жеткізді.