Кадрлар

Антикор басшылығына сайланған Нұржан Құсайынов  кім?

Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

«Антикордың» жаңа басшысы Нұржан Құсайынов жайлы ақпарат аз. Мемлекеттік ашық дереккөзде Нұржан Құсайынов туралы ресми мәлімет жоқ.

Нұржан Құсайынов 5 мамырда президент қолынан әскери шен алғаны ғана белгілі. Ол ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын алған.

Orda.kz сайты БАҚ-та жарияланған ескі ақпаратқа сілтеп, Нұржан Құсайынов ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңадан келмеген адам екенін жазып отыр.

Сайт Нұржан Құсайынов 2019 жылы ҰҚК экономикалық қауіпсіздік қызметінің бесінші департаментінің басшысының орынбасары болғанын жазды.