Жаңалықтар

Татарстанда ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады

Татарстанның Альметьевск ауданындағы Дебрышки ауылында жеңілдетілген оқу-жаттығу ұшағы жеке үйдің аумағына құлады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Oxu.az сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ авиациялық оқу орталығына тиесілі және оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алайда Avia.pro дереккөздерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде екі адам зардап шеккен - ұшқыш пен үй тұрғындарының бірі.

Ұшақ, болжам бойынша, ұшқыштарды оқыту үшін пайдаланылатын бір қозғалтқышты Cessna-172. Жергілікті тұрғындар апатқа дейін ұшақтан ерекше дыбыстар шыққанын айтады, бұл техникалық ақауды көрсетуі мүмкін.