Жаңалықтар

Қарағандыда пойыз қағып кеткен мас әйел тірі қалды

Қарағандыда жолаушылар пойызы мас күйдегі әйелді қағып кетті. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға 7 шілде күні сағат 21:09-да Қарағанды ​​- Сортировочная - Ағадыр учаскесінде болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Жолаушылар пойызының машинисті рұқсат етілмеген адамның жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басқан. Қолданылған шараларға қарамастан, соқтығысты болдырмау мүмкін болмады. Жедел мәліметтер бойынша, әйел алкогольдік масаң күйде болған", - деп хабарлайды ҚТЖ.

Жәбірленушінің аяғы сынған. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Пойыз 18 минутқа кешікті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді.