Қазақстанда балмұздақ шамамен 14%- ға қымбаттады
Қазақстанда балмұздақтың бағасы өсуде. 2025 жылдың екінші тоқсанында оның құны 13,5%-ға өсті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Energyprom.kz мәліметінше, мұндай өнімдер бағасының өсу қарқыны азық-түлік инфляциясының деңгейінен жоғары болып шықты. Маусым айында балмұздақтың тұтыну бағасының индексі мамырмен салыстырғанда бағаның 1,9%-ға өскенін көрсетті.
Соңғы екі жылдағы деректер динамикасына қарағанда, Қазақстанда балмұздақ пен шербет бағасының айтарлықтай өсуі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында байқалды:
бірден 33,5%-ға өсті. Содан кейін шығындардың өсуі тоқсан сайын орын алды, бірақ соншалықты маңызды емес. Өткен жылы бұл өнімдер
бағасы біршама қалыпты өсті: 8-12% шегінде.