Жаңалықтар

Қазақстандықтар ет, картоп пен май үшін қанша төлейді?

Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бойынша Қазақстанда ең қолжетімдісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік қолжетімділігі бойынша жетекші орында. Одаққа мүше елдердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нарықтық бағасына жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижесінде, Қазақстанда бірқатар өнім ең арзан болып шықты. Атап айтқанда, жұмыртқа, ұн, нан, күнбағыс майы, тұз, күріш, картоп, қырыққабат, пияз және сәбіздің бағасы елімізде ең төмен», – делінген Үкімет хабарламасында.

Ал төрт өнім түрі – қарақұмық, қант, сиыр еті және сүт бойынша баға Қазақстан мен Беларусьта шамаласекені айтылған.

Сондай-ақ:
– сары май бағасы бойынша Қазақстан Беларусь пен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында,
– құс еті бағасы бойынша Беларусь пен Ресейден кейін орналасқан.