Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы елшілік ауласында ағаш отырғызды

Шығармашылық сапармен Вьетнамға барған Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге Ханойдағы Қазақстан елшілігіне барды.

Сол жерде ол дипломатиялық өкілдік аумағына каимито ағашын отырғызды. Вьетнамдықтар бұл ағашты «жұлдызды алма» деп атайды.

Жергілікті дәстүр бойынша каимито молшылық пен береке символы саналады. Мұндай ағашты мерекелерде немесе өмірдегі маңызды сәттерде сыйға тарту дәстүрге айналған.