Жаңалықтар

Павлодарда веломобильмен жүрген әйел көз жұмып, немерелері бала жарақат алды

Павлодарда төрт дөңгелекті веломобильмен серуендеу қайғылы жағдаймен аяқталды. 69 жастағы әйел қалалық жағалаудағы еңістердің бірінде темір қоршауға соғылып, оқиға орнында жан тапсырды.

Куәгерлердің әлеуметтік желілерде жазуынша, соқтығыс кезінде қоршаудың бір темір таяғы зейнеткердің басын тесіп өткен. Әйел ауыр жарақаттан сол сәтте мерт болған.

Веломобиль ішінде марқұммен бірге оның 39 жастағы қызы мен үш немересі – 15, 10 және 7 жастағы қыздар отырған. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты полиция мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.