Sportroom

Өзбекстан әйелдер құрамасы футболдан тарихи нәтижеге қол жеткізді

Футболдан Өзбекстанның әйелдер құрамасы Непалға қарсы ойын өткізді. Ойын елордадағы «Бунёдкор» стадионында өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі пенальти сериясында Өзбекстан жеңді – 4:2.

Сәтті ойыннан кейін өзбек футболшылары Азия кубогына жолдама алды. Өзбекстанның әйелдер құрамасы соңғы 23 жылда алғаш рет Азия кубогында өнер көрсетеді.