Әлем

«Бассыздық»: Трамп Масктың жаңа партия құру идеясын мазақ етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Масктың жаңа саяси партия құру ниетін өткір сынға алды. Әдеттегідей ештеңені бүкпелемей, Трамп Маскты «ақылынан адасқан» деп атады.

Truth Social желісінде ол миллиардердің бастамасын келемеждеп:

«Үшінші партия ешқашан пайда әкелмеген. Бұл – тек алауыздық пен күйреуге апарар жол. Онсыз да радикалды солшыл демократтар елді астаң-кестең етті – енді одан көп хаос керек емес!» – деп жазды.

Сондай-ақ Трамп Масктың саясатқа араласуын «күлкілі ойын» деп бағалады:

«Қалағанынша ойнасын. Маған бұл жай ғана қызық көрінеді», – деді ол.

Илон Маск әзірге жаңа партия құратынын ресми түрде растаған жоқ. Бірақ бұл мәселенің өзі-ақ АҚШ-тағы алдағы сайлаулар қарсаңында үлкен саяси талқыға себеп болып отыр.