Sportroom

Қазақстандықтар бокстан Әлем кубогында 16 медаль иеленді

Астанада World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 8 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Соңғы жекпе-жекте Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта Германия атынан шыққан Никита Путиловты жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Алтын медаль иегерлері:

▪️ Назым Қызайбай (48 кг дейін)
▪️ Санжар Ташкенбай (50 кг дейін)
▪️ Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
▪️ Виктория Графеева (60 кг дейін)
▪️ Наталья Богданова (70 кг дейін)
▪️ Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін)
▪️ Бекзад Нұрдәулетов (85 кг дейін)
▪️ Айбек Оралбай (90 кг жоғары)

Күміс жүлдегерлер:

▪️ Алуа Балқыбекова (51 кг дейін)
▪️ Надежда Рябец (75 кг дейін)
▪️ Нұрбек Оралбай (80 кг дейін)
▪️ Елдана Тәліпова (80 кг жоғары)

Қола медаль иегерлері:

▪️ Айдана Забынбекова (57 кг дейін)
▪️ Аида Әбікеева (65 кг дейін)
▪️ Ертуған Зейноллинов (65 кг дейін)
▪️ Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін)