Пәкістанда ғимараттың опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи портындағы тұрғын үйдің құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Синьхуа сайтына сілтеме жасап.
Тіршілікті анықтау құрылғылары үйінділер астында кем дегенде 10 адамның әлі тірі екенін көрсетті.
Мәліметтер бойынша, құтқару топтары ақпарат түскен соң көп ұзамай оқиға орнына жетіп, 100-ден астам қызметкер зардап шеккендерді табу және үйінді астынан шығару операциясына белсенді қатысуда.
Айта кетелік, 20 сағаттан астам уақытқа созылған операцияны аяқтау үшін тағы жеті-сегіз сағат қажет болуы мүмкін.