Қырғызстандық Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстанға рейс жасай бастайды,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Ағымдағы жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына жаңа Asman Airlines (Қырғызстан) әуе компаниясы шығады. Авиакомпания Алматы-Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен – дүйсенбі және жұма күндері тікелей тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыра бастайды", - деп хабарлайды ҚГА.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап қазақстандық Fly Arystan әуе тасымалдаушысы да Алматы-Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен – бейсенбі және жексенбі күндері тікелей рейс ашады.
Биылғы жылдың жаз мезгілінде бұл бағыт бойынша аптасына төрт тұрақты жолаушы рейсі орындалады, деп қорытындылады ведомство.