Илон Маск «Америка» жаңа партиясының құрылғанын мәлімдеді
Илон Маск өзінің X парақшасында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша «Америка» саяси партиясын құру туралы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
"2-ден 1-ге дейін артықшылықпен сіз жаңа саяси партияны қаладыңыз, және сізде болады. Біздің мемлекет [шамадан тыс] шығындар мен парақорлықтың кесірінен банкротқа ұшырап жатқан жағдайда, біз демократиялық емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатқанымыз белгілі болды. Бүгінгі таңда "Америка" партиясы сізге еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды", - деп жазды ол.
Дауыс беруге әлеуметтік желінің 1,2 миллионнан астам қолданушысы қатысты. Жаңа партия құруға 65,4 пайызы дауыс берді.