Әлем

Түркияда шілдеде қалың қар жауды

Түркияда сирек кездесетін табиғат құбылысы байқалды – Ризе мен Трабзон қалаларында шілдеде жауған қар жауды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл қалалардың таулы аймақтары ақ көрпеге оранып, ерекше және таңғажайып табиғи ландшафт жасап, жергілікті тұрғындар мен туристерді таң қалдырды.

Жергілікті метеорологтар жылдың осы мезгілінде өңірде мұндай қысқы жағдайлар сирек кездесетінін айтады.

Қысқы пейзажды, атап айтқанда, Чамлыхемшин, Хемсин және Икиздере сияқты таулы ауылдар мен аңғарлардың тұрғындары тамашалады.