Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сламбек Тауекел өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссёр, сценарист, «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тауекел дүние салды.

Сламбек Тауекел өмірден өтті

Мәдениет министрлігі таратқан мәліметте:
«Сламбек Тлеукабылұлы – қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Кәсіби режиссер, талантты сценарист әрі продюсер ретінде тарихи-көркем фильмдер түсіріп, ұлттық руханиятты жаңғырту мен нығайтуға бар күшін арнады. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар дәріс беріп, жас мамандарды тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді», – делінген.

Сламбек Тауекел 1948 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын (ВГИК) тәмамдаған. 1977 жылдан бастап КСРО Кинематографистер одағының мүшесі болды.

Ол «Жоғалған мекен», «Наурыз», «Батыр Баян», «Асанәлі», «Сәтбаев», «Бір бала», «Махамбет» секілді бірқатар деректі және көркем фильмдердің режиссері ретінде танымал.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату