Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды
Ұлытау өңірінде соңғы үш жылда 12-ші инвестициялық жоба жүзеге асырылды. «Ұлытау индустриалды компаниясы» ЖШС іске қосқан жаңа кәсіпорын жыл сайын 5 миллион бірлікке дейін жеке қорғану құралдарын шығарып, 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды.
«Облыс әкімдігі инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті қолдауды бірінші кезектегі міндеттер қатарына жатқызады.Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, кедергілерді азайтуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жалғастырамыз», - деді Ұлытау ауданының әкімі Дастан Рыспеков.