Ташкентте салынып жатқан жаңа ғимараттың шатырынан өрт шықты
4 шілдеде Ташкенттің Юнусабад ауданында салынып жатқан ғимараттың төбесінен өрт шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Әлішер Науаи көшесінде өрт шыққаны туралы сигнал сағат 11:02-де түскен. Оқиға орнына төрт өрт сөндіру-құтқару жасағы мен екі бірлік арнайы техника келді. Өрт 11:17-де сөндірілді.
Өрт салдарынан битум және шайыр материалдары шамамен 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.