Газада бір күнде 80 адам қаза тапты
Израиль шабуылдарынан Газа секторында бір күнде 80 адам қаза тапты. Соққылардың бірі Газа қаласындағы мектеп ғимаратына соғылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Басқа жағдайларда Израиль армиясы гуманитарлық көмек тарату пункттерінің жанында палестиналықтарға шабуыл жасады. Бұл туралы CNN хабарлады. IDF өзінің ресми арналарында анклавтағы 150 нысананы атқылағаны туралы хабарлады. Олардың арасында қару қоймалары, жерасты туннельдері және ХАМАС-тың басқа да әскери нысандары бар.
БҰҰ мәліметінше, соңғы бір айда 800-ге жуық палестиналық Газа гуманитарлық қорының тарату пункттері маңында қаза тапқан. Ұйым құрбандардың көбеюін айыптап, гуманитарлық көмектің анклавқа кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді.