Қытайда екі жасар бала 20-қабаттан құлап, тірі қалды
Қытайдың Чунцин қаласында 20-қабатты тұрғын үйдің балконынан бала құлап, аман қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, бала қараусыз қалған, балконға шығып, құлап кеткен. Алайда денесінде сынықтар мен басқа да жарақаттарды бар.
Оқиға орнында болған тұрғын үй кешенінің күзетшісі жедел жәрдемді күтпей, баланы қолтығынан алып жақын маңдағы ауруханаға жүгірген.
Бала ауыр халде ауруханаға түсті, жағдайы тұрақты.