Астана есімді 24 адам бар: Елорда жайлы 10 қызықты дерек
Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай қызықты деректерді жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Халық саны –1 566 566 адам (2025 жылғы 1 маусымға);
• Елордада ерлерге қарағанда әйелдер көп: 823 766 әйел, 742 800 ер адам;
• Астанада 6 025 сәби дүниеге келді;
• 1 914 неке тіркелген;
• Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жыл;
• 14 жоғары оқу орны бар;
• 10 театр бар;
• 7 мұражай бар;
• 295 179 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген;
• Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады.