Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

МГИМО-да факультет деканы қызметіне алғаш рет әзербайжандық азамат тағайындалды

Мәскеудегі Халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының (МГИМО) Қаржы экономикасы факультетіне алғаш рет әзербайжандық азамат декан болып тағайындалды. Бұл туралы Ресейдегі әзербайжан диаспорасы Telegram арнасында хабарлады.

МГИМО-да факультет деканы қызметіне алғаш рет әзербайжандық азамат тағайындалды
Игбал Гулиев. Фото: AzerobshinaRF / Telegram

Жаңа декан — экономика ғылымдарының докторы, МГИМО-дағы Энергетикалық саясат және дипломатия халықаралық институты директорының орынбасары Иғбал Гулиев. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінде «Дағдарысты басқару» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы МГИМО-ның аспирантурасына түсіп, 2013 жылы экономика кандидаты, ал 2025 жылы докторлық дәрежесін қорғаған. Сонымен қатар, АҚШ-тағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінде, Ұлыбританиядағы Рединг университетінде, сондай-ақ МГИМО жанындағы бизнес және халықаралық құзыреттер мектебінде қосымша білім алған.

Тағайындау 1 шілде күні белгілі болды. Осы күні Бакуде ресейліктердің жаппай тұтқындалуы туралы ақпарат тараған еді. Ал бұдан бір күн бұрын Әзербайжан билігі Ресеймен байланысты мәдени іс-шаралар мен ресми сапарларды доғарғанын мәлімдеген болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату