Жаңалықтар

Тоқаев Трампты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай президент Дональд Трамптың атына құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент бұл мереке АҚШ халқының табандылығы мен рухының мықтылығын, еркіндік пен демократиялық құндылықтарға адалдығын білдіретін маңызды күн екенін атап өтті.

«Мен екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниеттімін және халықтарымыздың игілігі үшін көпжақты байланыстарды тереңдетуге дайын екенімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.