Жаңалықтар

Астанадан Бодрумға тұрақты рейстер ашылды

Астанадан Бодрумға тұрақты рейстер ашылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Эйр Астана 2025 жылдың 19 шілдесінен бастап Астана-Бодрум бағыты бойынша тұрақты рейстердің ашылғаны туралы хабарлайды. Ұшулар аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері қазіргі заманғы Airbus A321LR ұшағымен орындалады", - делінген хабарламада.

Астанадан Бодрумға рейс Алматыдан апта сайынғы бес тұрақты рейсті толықтырып, «Эйр Астананың» Түркияға бағыт желісін кеңейтеді.

Тасымалдаушының мәліметінше, екі жаққа ұшу билеттерінің құны эконом-класта 304 337 теңгеден басталады. Бұған дейін авиакомпания Астанадан Бодрумға чартерлік рейстерді орындаған. Чартерлік бағдарлама бойынша соңғы кері рейстер 19 және 23 шілдеде орындалады.