Тоқты келіншектер махаббатта қандай?

26 Наурыз, 2020 159 0

Олармен ешқашан ішіңіз пыспайды. Бірақ тәуелсіз, күш-қуаты тасып жүретін, мінезді тоқтыларды бағындыра аласыз ба? Мәселе сонда, олар оңайлықпен айтқаныңызға көніп, айдауыңызға жүрмейді. Қалаған нәрсесін алады, сізді махаббаттың құлы етеді. Мұндай әйелмен бірге болу оңай емес. Оларға еркіндік, шабыт, тәуелсіздік және сөзсіз адалдық керек. Бірақ таңдауы түскен азаматты өзінің ыстық оттай махаббатына бөлейді. Ер азаматпен тең қарым-қатынасты ұстанады. Егер ері көзіне шөп салатын болса, тоқты келіншектерден де адалдықты талап етудің қажеті жоқ. Олар құшағы от көңілдес. Қызғаншақ. Тұрған тұрыстарының өзінен тәкаппарлық пен паңдық сезіліп тұрады. Кез келген ортада оларды байқамай қалу мүмкін емес. Өздерін көрсетіп қалғанды, ерекшеленгенді ұнатады. Өзін бағалағанды, сүйгенді, құрметтегенді қалайды. Олар өмірге құштар, көңілді, керемет әйелдер. Егер тоқты келіншектің көңілінен шығып, оның көңіліне жағатын мақтау сөздерді асқан шеберлікпен айта білетін болсаңыз қақпаныңызға түсті дей беріңіз. Олар өздері таңдаған ер азаматқа айнымас серік, таптырмас көмекші болады. Ерін жігерлендіріп, шабыттандырып, мақсатына жетуге көмектеседі. Себебі оларға мықты азамат керек. Әлсіздерді менсінбейді және олардың жанында өздерін жақсы сезінбейді.

Жазба Ақбота Әбілтайдың инста-блогынан алынды

Тегтер: астрология, жұлдызжорамал, жұлдызнама, зодиак, тоқты, тоқтылар, келіншектер, әйелдер, махаббат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.