Жаңалықтар

Алматыда жол жөндеген кезде бұзылған бордюрларды ғана ауыстырады

Алматыда жол жөндегенде бордюрды түгел ауыстырмайды. Қаладағы мобильділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостанов осылай деді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оның айтуынша, 2025 жылы көше мен жолды жөндеу жұмысы кезінде 300 шақырым жолға асфальт төселмек. Бұл жұмыс 377 көшені де қамтымақ. 


«Орташа жөндеу жүргізген кезде бордюрді тегістеп, қайтара қолдануға тырысамыз. Тек бұзылған, ескi бордюрларды ғана ауыстырып, жаңалап шығамыз»,- дейді Асан Бостанов.

Тегістеу деп – бордюрді бұзып, теңестіріп, оны қайтара қолдануды айтады. Бордюрдің тек қатты тозғандарын ғана ауыстырып шығады.

Спикердің айтуынша, мердігер қолда бар нәрсені үнемдеп, оның жағдайын бақылап отыруға міндетті. Бұзып алынған әр бордюрді бір тексеріп, стандартқа сай келгендерін қайтара қолданады. 

«Сапасыздары жолдың сиқын бұзып, жол қатынасына да қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан олардың биіктігі мен енін теңестіріп отырамыз»,- деді Асан Бостанов.  

Қолданылған бордюрлер сапасына қарай іріктеледі. Ешқандай ақауы жоқ, бүтін тастарды қырлап, жөндеген соң, қайта қолданады.