Туризмнің жаңа бренді: Алакөлге үш жылда 5 миллионға жуық турист барған
Соңғы үш жылда Жетісу облысының Алакөл ауданына 4,8 миллионға жуық турист келіп, оларға 29,4 миллиард теңгенің қызметі көрсетілді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Аудан әкімдігінің мәліметінше, биылдың өзінде 17 туристік нысан пайдалануға беріліп, 51 жұмыс орны ашылып, 2,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар 500 орындық үш ірі туристік нысанның құрылысы жүргізілуде.
«Экономиканың негізгі қозғаушы күші – инвестиция. Үш жылдың ішінде ауданға тартылған инвестиция көлемі 305,9 млрд теңгеге жетті. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 5 ірі жоба жүзеге асырылып, 432 жұмыс орны ашылды. Соның бірі – осы аудан аумағынан өтетін 134 шақырымдық теміржол учаскесінің құрылысы, осы Досты-Моң темір жол құрылысы жобасы аясында. жылы Dar Rail компаниясы логистикалық парктің құрылысын бастайды», - дейді Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов.