Данияда әйелдер әскерге бармақ
Данияда заң күшіне енді, оған сәйкес әйелдер кәмелеттік жасқа толған кезде (18) әскери қызметке тіркелуі керек және ерлермен тең дәрежеде әскери қызметке шақырылуы мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жаңашылдық НАТО-ға мүше мемлекеттердің Еуропадағы қауіпсіздік тәуекелдерінің күрт артуына байланысты қорғанысқа бюджеттік шығындарын айтарлықтай ұлғайту міндеттемесіне байланысты.
Осы уақытқа дейін Данияда әйелдер 18 жасқа толған соң тек ерікті түрде әскери қызмет атқаруға құқылы болатын.
Сейсенбіден бастап 18 жасқа толған ерлер де, әйелдер де әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өтеді. Әскери қызметке алдымен еріктілер қабылданады, ал қалған орындарға шақырылғандар лотерея арқылы анықталады. Осы уақытқа дейін жүйе ерлер үшін осылай жұмыс істесе, енді әйелдер де оған тең дәрежеде қатысатын болады.