Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сүйенсек, жер асты дүмпулері 3 шілде күні сағат 11:17-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғыз Республикасы аумағында, Шоро-Башат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым, Жыланды ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 шақырым, Красный Маяк ауылынан батысқа қарай 4 шақырым, Өзген қаласынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан.