Алматының ауасы – жылына небәрі 16 күн ғана таза
Алматыда жыл бойғы 365 күннің ішінде тек 16 күні ғана шынымен "жасыл", яғни экологиясы таза болған. Бұл — бүкіл жылдың небәрі 4 пайызынан сәл-ақ асады.
PM2.5 көрсеткіші бойынша жағдай біршама тәуір — 164 күннің ауасы рұқсат етілген шекте ішінде болған. Дегенмен, бұл да қуантатын жағдай емес.
PM2.5 — бұл диаметрі 2,5 микрометрге дейінгі шаң-тозаң бөлшектері. Олар көзге көрінбейді, бірақ өкпеге, қанға оңай өтіп, жүрек пен өкпе ауруларын, тіпті қатерлі ісікті де тудыруы мүмкін.
Көзге түспегенімен, бұл бөлшектер үнсіз және баяу өлтіреді.