Кадрлар

«СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды

Нұрлыбек Асылбекұлы Асылбеков 1966 жылы дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді тәмамдаған. Мамандығы – провизор, заңгер және экономист.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Сызақ ауданындағы «Фармация» АҚ-та провизор-технолог және бас маман болып бастаған.

2002 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы филиалдарын басқарды. Министрліктің орталық аппаратында да түрлі қызмет атқарды.

2012 жылы – Қаржы полициясында бас инспектор болды.
2015 жылдан – Астанадағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетін басқарды.
2017 жылдан бастап – Фармация комитеті төрағасының орынбасары, кейінірек Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдан бері – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментін басқарды.

2022 жылдың мамырынан бастап Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.