Әлем

Жапонияда қауіп дабылы: Бір апта ішінде 900-ге жуық сілкініс тіркелді

Сәрсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара аралдары тобында алдын ала магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kyodo News сайтына сілтеме жасап.

Бұл аймақта екі аптаға жуық уақыт бойы күшті жер асты дүмпулері болды. 

Жапония метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ. 

Агенттіктің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:32-де болды және Кагосима префектурасындағы Акусеки аралында 7 балдық жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді. 

Сәрсенбіде Кодакара аралында да күші 4 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. 

Якусима және Амами-Осима аралдарына жақын орналасқан аймақта 21 маусымнан бері бірқатар жер сілкінісі болды: сәрсенбі күні таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қарқындылығы кемінде 1 балл болатын 865 жер сілкінісі тіркелді.