Медицина

Алматыда кесарь тілігі арқылы босанған әйелдің ішінде дәке қалып кеткен

Алматыда дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босанған келіншектің ішінде үлкен көлемде дәке ұмытып кеткен. Бұл туралы жәбірленушінің заңгері әлеуметтік желіде жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Адвокаттың ақпарынша, босанғаннан кейін өзін жайсыз сезінген әйел бірнеше рет тексерілуге барған. Бірақ мамандар шағымға салғырт қарап, шығарып салған.

Тек 9 айдан кейін жасалған КТ нәтижесінде жамбас қуысында бөгде зат анықталып, шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер тапқан дәке ішкі құрылысының қабынып, ішектің бір бөлігін алып тастауға тура келген. Дәрігерлер оның бұрынғы қалыпты өмірге қайта оралуына кепілдік бермейтін көрінеді.

Зардап шеккен әйел денсаулығына атүсті қарағандарды жауапқа тарту үшін сотқа жүгінуге шешім қабылдаған. Ал қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізілетінін хабарлады.