Жаңалықтар

Қазақстанда қандай көкөністер арзандады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым айында тұтыну бағаларының өсімі баяулап, 0,8%-ды құрады (мамырда — 0,9%).

Айтарлықтай арзандаған өнімдер:

  • Қияр — 19,5%-ға;
  • Қырыққабат — 18,1%-ға;
  • Қызанақ — 15%-ға;
  • Сарымсақ — 8,4%-ға;
  • Банан — 3,4%-ға;
  • Жұмыртқа — 3%-ға арзандады.

Бағасы өскен азық-түліктер:

  • Балмұздақ — 1,9%-ға;
  • Йогурт — 1,6%-ға;
  • Жаңғақ — 1,5%-ға;
  • Рулет пен кекс — 1,3%-ға;
  • Тәттілер мен салқын сусындар — 1%-ға;
  • Шұжық өнімдері (сосиска, сарделька) — 0,9%-ға қымбаттаған.

Тарифтер мен қызмет көрсету саласындағы өзгерістер:

  • Ыстық су тарифі — 6,2%-ға төмендеген.
  • Ал фотограф қызметі — 3,3%-ға,
  • Той ұйымдастыру — 2,8%-ға,
  • Теледидар жөндеу — 2,4%-ға,
  • Тұрғын үйге қызмет көрсету — 1,4%-ға,
  • Сұлулық салондары — 1,3%-ға қымбаттаған.

Басқа да өзгерістер:

  • Қарақұмық — 9%-ға,
  • Күріш — 8,3%-ға арзандаса,
  • Ал алмұрт — 11,3%-ға,
  • Консервіленген жүгері — 10,8%-ға,
  • Шырындар — 10,4%-ға қымбаттаған.