Үндістанды су тасқыны жайлады: Қайғылы оқиғадан 50-ден астам адам көз жұмды
Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жалғасып жатқан муссондық маусымда штатта толассыз жауған жауын, су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, 22 адам із-түзсіз жоғалып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі мемлекеттік орталық 20 маусым мен 1 шілде аралығындағы шығын есебін жариялады.
«Қазіргі таңда су тасқыны, көшкін, найзағай соғуы және жол-көлік оқиғалары сияқты түрлі себептерден 51 адам қаза тапты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ муссонмен байланысты оқиғалардан 103 адамның жарақат алғаны хабарланды.