Жаңалықтар

Ресейде жер сілкінісі тіркелді

Петропавл-Камчатский маңындағы Авача шығанағы суларында 5,2 балдық жер сілкінісі орын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сейсмикалық оқиға қаладан 51 шақырым қашықтықта тіркелгені нақтылануда. Оның көзі 88,2 км тереңдікте орналасқан.

Сонымен қатар, ТЖМ облыстық бас басқармасының баспасөз қызметі Петропавл-Камчатскийде күші 3 баллға дейін жететін жерасты дүмпулері сезілгенін хабарлады. Цунами қаупі жарияланған жоқ.