Жаңалықтар

Google компаниясы Android қолданушыларының деректерін жасырын жинаған:  314 млн $ өтемақы төлеуге міндеттелді

Калифорниядағы алқабилер соты Google-ды 14 миллион Android құрылғысынан заңсыз дерек жинағаны үшін жауапты деп таныды. Тергеу барысында экран сөндірулі және бақылау қызметтері өшірілген сәттердің өзінде де мәліметтер компания серверлеріне жіберіліп отырғаны анықталған.

Жиналған ақпарат Google-ға жарнама дәлдігін арттыруда басымдық берген, ал қолданушылар үшін бұл — жеке деректердің құпиялылығы мен трафиктің шығынына әкелген.

Компания сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, шағым түсірмек. Ал 2026 жылдың көктемінде басқа штаттардағы қолданушылар да ұжымдық талап-арыз бере бастайды.